Web - Amazon

We provide Linux to the World


We support WINRAR [What is this] - [Download .exe file(s) for Windows]

CLASSICISTRANIERI HOME PAGE - YOUTUBE CHANNEL
SITEMAP
Audiobooks by Valerio Di Stefano: Single Download - Complete Download [TAR] [WIM] [ZIP] [RAR] - Alphabetical Download  [TAR] [WIM] [ZIP] [RAR] - Download Instructions

Make a donation: IBAN: IT36M0708677020000000008016 - BIC/SWIFT:  ICRAITRRU60 - VALERIO DI STEFANO or
Privacy Policy Cookie Policy Terms and Conditions
Қазақстан — Уикипедия Ашық Энциклопедиясы

Қазақстан

Уикипедиядан

Қазақстан Республикасы
Qazaqstan Respublïkası
Қазақстан байрағы Қазақстан елтаңбасы
Байрағы Елтаңбасы
Ұлттық ұраны: Алаш! (тарихи);
Алға Қазақстан! (ресми емес)
Әнұраны: Менің Қазақстаным

тыңдау

Қазақстан орналасуы
Елордасы Астана
51°10′N 71°30′E
Ең ірі қала Алматы (1 185,9 мың)
Ресми тіл(дер) Қазақ — мем.,
Орыс
Басқару түрі Президенттік Республика
 — Президент Нұрсұлтан Назарбаев
 — премьер министр Даниал Ахметов
Тәуелсіздігі КСРО елінен 
 — Жарияланғаны 1991 желтоқсан 16 
Аумағы  
 — Бүкіл 2 717,3 мың km² (9-шы)
 — Су (%) 1.7
Тұрғын жұрты  
 — 2006 шілде 1 сарап. 15 301,4 мың (62-ші)
 — Тығыздығы 5,6 /km² (215-ші)
ЖІӨ (АҚТ) 2005 сарап.
 — Бүкіл $132,7 млрд (56-шы)
 — Тұлға басына $8700 (70-ші)
АДТ (2003) 0,761 (80-ші) — орташа
Ұлттық валютасы Қазақстан теңгесі (KZT)
Ел белгісі KZ, KAZ
Уақыт белдеуі (UTC+5, +6)
Радио белгісі UN—UQ
Интернет үйшігі .kz
Телефон коды +7
 ██ Орта Қазақстан ██ Солтүстік Қазақстан ██ Оңтүстік Қазақстан ██ Шығыс Қазақстан ██ Батыс Қазақстан
Үлкейту
██ Орта Қазақстан ██ Солтүстік Қазақстан ██ Оңтүстік Қазақстан ██ Шығыс Қазақстан ██ Батыс Қазақстан

Қазақстан (Қазақстан Республикасы) — Еуразия құрылыпының қақ ортасында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (6 467 км), оңтүстігінде Түрікменстан (380 км), Өзбекстан (2 300 км) және Қырғыз (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1 460 км) шектеседі, батыста Каспий теңізімен, оңтүстікте Арал теңізімен шайылады. Жер көлемі — 2717,3 мың шаршы километр. Жұрт саны 15301,4 мың (2006 шілде 1). Оның 9 008,0 мың немесе 58,9 % қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Елордасы — Астана қаласы. Әкімшілік жағынан 14 облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілі — қазақ тілі.

Мазмұны

[өңдеу] Әкімшілік аумақтары

Қазақстан әкімшілік аумақтары
Аумақ күйі Саны
Облыс 14
Қала 85
Қала ауданы  ?
Аудан 160
Кент 176
Аулдық аймағы 2237

Әкімшілік-аумақтық құрылысы: Төменгі кестеде. Ауылдық аймаққа бiрiккен 7719 ауылдық елдi мекендер бар (2003).

Қазақстан облыстары
Облыстар Аумағы Тұрғын жұрты Орталығы Орталық
тұрғын жұрты
Ақмола Көкшетау
Ақтөбе Ақтөбе
Алматы Талдықорған
Атырау Атырау
Батыс Қазақстан Орал
Жамбыл Тараз
Қарағанды Қарағанды
Қостанай Қостанай
Қызылорда Қызылорда
Маңғыстау Ақтау
Оңтүстік Қазақстан Шымкент
Павлодар Павлодар
Солтүстік Қазақстан Петропавл
Шығыс Қазақстан Өскемен


Қазақстан Республикалық маңызы бар қалалары
Қала Аумағы Тұрғын жұрты
Алматы
Астана
Байқоңыр¹
¹Байқоңыр қаласы «Байқоңыр космодромы» мен бірге 2050 жылға дейін Ресей арендасында.


[өңдеу] Жоғрапия

Толық мақаласы: Қазақстан жоғрапиясы
Қазақстан жер кескіні
Үлкейту
Қазақстан жер кескіні

[өңдеу] Жұрттану

[өңдеу] Діні

Қазақстан жұртында 69 % мұсылмандар, 28 % православ христиандар, 2 % протестанттар бар

[өңдеу] Ұлттық құрамы

Қазақстанда 120-дан астам ұлт (этностар мен этникалық топтар) өкілдері тұрады. 2006 жылдың 1-шілдесіндегі жағдай бойынша қазақтардың саны 9008,0 мың адамды, орыстар – 3962,1 мың, украиндар – 444,7 мың, өзбектер – 433,5 мың, ұйғырлар – 231,4 мың, татарлар – 229,1 мың, немістер – 222,5 мың адамды құрады. Республика халқының жалпы санында ең көп үлес салмақты қазақтар – 58,9% және орыстар – 25,9% алып отыр. Басқа этностар мен этникалық топтар үлесіне республика халқының 15,2% тиесілі болып табылады.

2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда қазақтар саны 94,7 мың адамға, немесе 1,1%,-ға, тиісінше өзбектер - 4,6 мың, немесе 1,1%-ға, ұйғырлар - 1,6 мың, немесе 0,7-%-ға өсті; ал орыстардың саны 17,2 мың адамға, немесе 0,4%-ға, тиісінше украиндар – 4,1 мың, немесе 0,9%-ға, татарлар – 0,5 мың, немесе 0,3%-ға және немістер – 0,2 мың, немесе 0,1%-ға азайды.

[өңдеу] Жұрт саны

2006 ж. жылдың шілденің 1 күнінде Қазақстанда халық саны 15 301,4 мың адамды құрады.

Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 6537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.

2006 жылдың қаңтар-маусым аралығында республика халқының табиғи өсімі 63370 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,3 (8,1) адамнан келді.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында АХАЖ органдары тіркелу көрсеткіші бойынша 143210 (138882) туу фактілерін тіркеді. Туғандардың саны қалалық және ауылдық елді-мекендерде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 3,3%-ға және 2,9%-ға өсті де, тиісінше 83566 және 59644 адамда құрады. Бала туудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 18,6 (18,4) сәбиді құрады.

Осы кезең ішінде өлгендер саны 79840 (80978) адамды құрап отыр, соның ішінде қалалық елді мекендер үлесі - 51186 (51661) және ауылдық жерлер - 28654 (29317). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,29 (10,33) адам.

Өлімінің негізгі себептері қан айналымы жүйесі аурулары болып табылады, олардың үлесіне барлық тіркелген өлім оқиғаларының 52,9% (52,5%) тиесілі екендігі хабарланып отыр.

Осы кезең ішінде республикада 1 жасқа дейінгі 2049 (2087) баланың шетінеуі тіркелген. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға 14,7 (14,5) шетінеу. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар нәрестелер өлімінің ең көп тараған себептері болып табылады, одан ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 1037 (1021) нәресте шетінеді. Цифрлар тілімен айтқанда, барлық нәрестелер өлімінің 50,6% (48,9%)-ы осы жағдайға тиесілі болып табылады.

Биылғы жартыжылдықта некелесу мен ажырасулар саны, тиісінше 54994 және 17467 (48271 және 15183) құрады. Некелесу мен ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,5 (7,7) некені және 2,3 (2,1) ажырасуды құрады.

Елде халық көші-қонының оң айырымы сақталып келеді, 2006 жылдың 1 жартыжылдықтағы оның шамасы 18746 (14148) адамды құрады. 2006 жылы қаңтар-маусым аралығында Қазақстанға келгендер саны 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5008 адамға немесе 13,2%-ға, ал Қазақстаннан кеткендер саны 9606 адамға немесе 1,7 есе азайды. ТМД елдерінен келгендер мен сол елдерге қоныс аударғандар үлесі олардың жалпы санына шаққанда, 86,1% және 87,9% (88,7% және 66,4%) құрады.

Ал ел ішіндегі көшіп-қонушылардың саны 137220 (131019) адамды құрап отырған жайы бар.

[өңдеу] Экономика

Толық мақаласы: Қазақстан экономикасы
Дамыған Алматы
Үлкейту
Дамыған Алматы


Қазақстан теңгесі
Үлкейту
Қазақстан теңгесі
Сурет:Kazakhstan 1960s.jpg
Астық байлығы


[өңдеу] Мемлекеттік құрылысы

Қазақстан — 1995 жылғы тамыз 30 республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғары өкілді органы — Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының елордасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика елордасының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.

Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттан тұрады.

Президент Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады. Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Премьер-Министр Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығарады.

Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті тағайындайды.

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады.

[өңдеу] Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады.

[өңдеу] Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев
Үлкейту
Нұрсұлтан Назарбаев


[өңдеу] Тарих

Толық мақаласы: Қазақстан тарихы
Сурет:AlmatyNez.jpg
Тәуелсіздік мұражайы
  • Батыстүркі қағандығы
  • Түргеш қағандығы
  • Хазар қағанаты
  • Өгүз хандығы
  • Қимақ хандығы
  • Қыпшақ хандығы
  • Қарахан хандығы
  • Хорезм шаһтығы
  • Жошы ұлысы
  • Шағатай ұлысы
  • Ақ Орда
  • Көк Орда
  • Ноғай Ордасы
  • Сібір хандығы
  • Өзбек хандығы
  • Моғұлыстан
  • Қазақ хандығы
  • Қоқант хандығы
  • Хиуа әміршілігі
  • Бокей хандығы
  • Алаш Орда
  • Қазақ АССР
  • Қазақ КСР

[өңдеу] Ғылым және білім беру

[өңдеу] Мәдениет

[өңдеу] Түсініктемелер

[өңдеу] Тағы қараңыз

[өңдеу] Сыртқы сілтемелер


Our "Network":

Project Gutenberg
https://gutenberg.classicistranieri.com

Encyclopaedia Britannica 1911
https://encyclopaediabritannica.classicistranieri.com

Librivox Audiobooks
https://librivox.classicistranieri.com

Linux Distributions
https://old.classicistranieri.com

Magnatune (MP3 Music)
https://magnatune.classicistranieri.com

Static Wikipedia (June 2008)
https://wikipedia.classicistranieri.com

Static Wikipedia (March 2008)
https://wikipedia2007.classicistranieri.com/mar2008/

Static Wikipedia (2007)
https://wikipedia2007.classicistranieri.com

Static Wikipedia (2006)
https://wikipedia2006.classicistranieri.com

Liber Liber
https://liberliber.classicistranieri.com

ZIM Files for Kiwix
https://zim.classicistranieri.com


Other Websites:

Bach - Goldberg Variations
https://www.goldbergvariations.org

Lazarillo de Tormes
https://www.lazarillodetormes.org

Madame Bovary
https://www.madamebovary.org

Il Fu Mattia Pascal
https://www.mattiapascal.it

The Voice in the Desert
https://www.thevoiceinthedesert.org

Confessione d'un amore fascista
https://www.amorefascista.it

Malinverno
https://www.malinverno.org

Debito formativo
https://www.debitoformativo.it

Adina Spire
https://www.adinaspire.com