Web - Amazon

We provide Linux to the World


We support WINRAR [What is this] - [Download .exe file(s) for Windows]

CLASSICISTRANIERI HOME PAGE - YOUTUBE CHANNEL
SITEMAP
Audiobooks by Valerio Di Stefano: Single Download - Complete Download [TAR] [WIM] [ZIP] [RAR] - Alphabetical Download  [TAR] [WIM] [ZIP] [RAR] - Download Instructions

Make a donation: IBAN: IT36M0708677020000000008016 - BIC/SWIFT:  ICRAITRRU60 - VALERIO DI STEFANO or
Privacy Policy Cookie Policy Terms and Conditions
Windows амалдық жүйе сөзнамасы — Уикипедия Ашық Энциклопедиясы

Windows амалдық жүйе сөзнамасы

Уикипедиядан

Windows рәмізі
Үлкейту
Windows рәмізі
Мазмұны: ҮстіA—Z А Ә Б В Г Д Е Ж И К Қ Л М Н О Ө П Р С Т Ұ Ф Ш


[өңдеу] A—Z

MS-DOS (Microsoft Disk Operating System)
Барлық дербес компьютерлерде және оларға сыйысымды құрылғыларда пайдаланылатын амалдық жүйе. MS-DOS жүйесі пернетеқтадан енгізілген деректі компьютер орындай алатын амалдарға айналдырады. MS-DOS жүйесімен әрекеттесу әмір енгізу арқылы жүзеге асырылады, ал MS-DOS жүйесіне негізделген бағдарламалармен әрекеттесуді жұмыс үстеліндегі лақаптардың көмегімен жүзеге асыруға болады. Сондай-ақ әмір жолы терезесі; MS-DOS бағдарламасы сөздерін қараңыз.
MS-DOS бағдарламасы (MS-DOS Program)
MS-DOS жүйесі арқылы орындалуға арналған бағдарлама. Мұндай бағдарламалар үшін Windows жүйесі ұсынатын мүмкіндіктердің барлығы жұмыс істей бермеуі ықтимал. Сондай-ақ MS-DOS ; бағдарлама суреттеу файлы (PIF) сөздерін қараңыз.
URL-мекен-жайы (Uniform Resource Locator, URL)
Интернеттегі орынды бірегей айқындайтын мекен-жай. Веб-тораптың URL-мекен-жайы http:// таңбаларынан басталады, мысалы, http://www.example.microsoft.com/.
WWW (World Wide Web)
Еренсілтемелерді пайдалана отырып Интернетті қарап шығу жүйесі. Веб-шолғыш пайдаланылған кезде бұл жүйе мәтіндік, сызбалық, дыбыстық және бейне нысандары түрінде көрінеді. Сондай-ақ Интернет сөзін қараңыз.
үстіне өту ↑

[өңдеу] А

Алмалы дискі (Removable disc)
Дерек сақтауға арналған, көп дүркін пайдаланылатын, 3,5 дюймдік арқау. Қазіргі алмалы дискілерге 1,44 Mб дерек сияды. Олардың иілгіш (ағылшын тілінде) деп аталатын себебі, алғашқы мұқабалары иілімді болатын.
Алып тастау (Uncheck)
Құсбелгі көзінен Х белгісін немесе құсбелгіні алып тастау арқылы параметрді ажырату. Құсбелгі көзінің үстінен нұқып немесе оны таңдап, содан соң БОС ОРЫН пернесін басу арқылы оны алып тастауға болады.
Апару (Transfer)
Таңдалған элементті тінтуірдің батырмасын басып ұстаған күйде бейнебетте көрсеткімен жылжыту. Мысалы, терезе тақырып атын жылжыту жолымен терезені басқа орынға апаруға болады.
Арқау (Storage)
Дерек сақтауға жарайтын кез келген тұрғылықты немесе алмалы нысан. Мысалы, арқау қатарына тұрғылықты дискілер, алмалы дискілер, магнитті таспалар мен ықшам дискілер жатады.
Ашылмалы мәзір (Pull Down Menu)
Бұл мәзірдің үстінен нұқығанда ол мәзір жолынан ашылады да, пайдаланушы тінтуір батырмасын қайтадан басқанша немесе мәзір тармағын таңдағанша ашық күйде қалады.
үстіне өту ↑

[өңдеу] Ә

Әкімші (Administrator)
Компьютерді басқаратын пайдаланушы. Компьютер әкімшісі жүйеге жалпы өзгертулер енгізеді, соның ішінде бағдарламалар орнатады және компьютердегі барлық файлдарға қатынасады, сондай-ақ басқа пайдаланушылардың тіркелгілерін жасайды, өзгертеді және жоя алады. Әкімшінің тіркелгісі ретінде алғашқы тіркелгінің орнатылуының маңызы зор.
Әмір (Command, Macro, Script)
Бағдарламаға арналған нұсқау. Пайдаланушы әмірді енгізген кезде әрекет іске асырылады. Әмірлер әдетте пернетақтадан енгізіледі немесе мәзірден таңдап алынады.
Әмір жолы терезесі (Command Prompt window)
Жұмыс үстелінде көрініс беретін және MS-DOS амалдық жүйесімен өзара әрекеттесу үшін пайдаланылатын терезе. MS-DOS әмірлері жыпылықтайтын жүгіргі көрсететін енгізу нүктесінде теріледі. Сондай-ақ MS-DOS (Microsoft Disk Operating System) сөзін қараңыз.
үстіне өту ↑

[өңдеу] Б

Бағдарлама (Program, Application, Software)
Бағдарлама мәтінмен жұмыс істеу, тіркелгілер мен деректерді басқару сияқты тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Бағдарламаларды сондай-ақ бағдарламашықтар деп те атайды.
Бағдарламаны жою (Remove program)
Бағдарлама файлдары мен қалталарын, сондай-ақ оларға қатысты деректерді тұрғылықты дискіден жою; осыдан кейін бағдарламаға қатынау мүмкін болмайды.
Байланған нысан (Linked Object)
Құжатқа кірістірілген, бірақ әлі де бастапқы файлда қалған нысан. Егер деректер байланған болса, олар бастапқы құжатта өзгертілген кезде, жаңа құжатта да өздігінен жаңарады. Байланған деректі өзгерту үшін оның үстінен екі рет нұқыңыз. Осы деректер жасалған бағдарламаның мәзірі мен құралдар үстелі бейнебетте шыға келеді. Егер екі құжат та бір компьютерде болса, байланған дерекке енгізілген өзгертулер бастапқы құжатта да көрінетін болады. Сондай-ақ бастапқы құжат сөзін қараңыз.
Барынша кішірейту (Minimize)
Терезе тақырып атының оң жағындағы «Барынша кішірейту» батырмасын басу арқылы терезені тапсырмалар үстеліндегі батырма мөлшеріне дейін кішірейту. Сондай-ақ барынша үлкейту; терезе тақырып аты сөздерін қараңыз.
Барынша үлкейту (Maximize)
Терезе тақырып атының оң жағындағы «Барынша үлкейту» батырмасын басу арқылы терезені ең үлкен мөлшеріне дейін үлкейту. Сондай-ақ барынша кішірейту; терезе тақырып аты сөздерін қараңыз.
Бастапқы құжат (Main document ?)
Байланған немесе кіріктірілген нысан алғаш рет жасалған құжат бастапқы құжат деп аталады. Сондай-ақ кіріктірілген нысан; байланған нысан сөздерін қараңыз.
Басып шығарғыш (Printer)
Мәтін мен кескіндерді қағазға немесе басқа материалдарға басып шығаратын құрылғы.
Басып шығарғыш драйвері (Printer driver)
Басып шығарғыштың жабдық жасақтамасынан және ішкі тілінен тәуелсіз, онымен басқа бағдарламалардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін бағдарлама. Белгілі бір құрылғымен өзара әрекеттесу драйвер арқылы жүзеге асырылатындықтан, бұл әмбебап бағдарламалардың әр түрлі басып шығарғыштарды табысты пайдалануына мүмкіндік береді. Сондай-ақ құрылғы драйвері сөзін қараңыз.
Басып шығарғыш терезесі (Printer window)
Басып шығарғыш терезесі басып шығарғыш кезегіндегі басып шығару тапсырмалары туралы ақпаратты көрсетеді. Әрбір орнатылған немесе жалғанған басып шығарғыштың кезегінде қанша құжат бар екенін, олардың иесі кім екенін және мөлшері қандай екенін білуге болады.
Басып шығарғыштар мен факстар (Printers and faxes)
Басқару үстеліндегі бұл қалтада басып шығарғыштарды орнату шебері және компьютерге орнатылған барлық басып шығарғыштардың белгішелері орналасады.
Басып шығарғыштарға арналған рұқсаттар (Print permissions)
Пайдаланушының немесе пайдаланушылар тобының басып шығарғышқа қатынасу түрін айқындайтын рұқсаттар. Басып шығарғышқа қатынасу рұқсаттарының түрлері: «Басып шығару», «Басып шығарғыштарды басқару» және «Құжаттарды басқару».
Басып шығару кезегін реттегіш (Print queue manager)
Бұл бағдарламалық құралас пайдаланушы басып шығаруға жіберген құжатты қабылдайды да, басып шығарғыш оны басып шығарғанға дейін құжатты дискіде немесе компьютердің жадында сақтайды.
Бейне бейімдеуіш (Display card, Display adaptor)
Деректерді бейнелеуге мүмкіндік беретін, компьютерге кіріктірілетін кеңейтім тақтасы. Компьютердің бейнелеу жүйесінің мүмкіндіктері бейне бейімдеуіш пен монитордың мүмкіндіктеріне тәуелді болады.
Бейнебет ажыратылымдығы (Display resolution)
Монитордың бейнебетіне шығарылатын ақпараттың көлемін айқындайтын және нүктемен өлшенетін параметр. 640 x 480 сияқты төмен ажыратылымдық бейнелеу аймағын кішірейтеді де, жекелеген элементтерді үлкейтіп көрсетеді. 1024 x 768 сияқты жоғары ажыратылымдық бейнелеу аймағын үлкейтеді де, жекелеген элементтерді кішірейтіп көрсетеді.
Белгіше (Icon)
Пайдаланушы белгілі бір әрекеттерді жасай алатын нысанды көрсету үшін бейнебетте көрініс беретін шағын сурет. Белгішелердің көмегімен әмірлерді есте сақтап жатпастан түрлі компьютерлік әрекеттерді іске асыруға болады.
Белсенді (Active)
Қазіргі сәтте пайдаланылып жатқан немесе таңдалған терезені немесе белгішені білдіреді. Амалдық жүйе перненің келесі басылуын немесе орындалатын әмірді белсенді терезеге қатысты қолданады. Таңдалмаған терезелер немесе жұмыс үстеліндегі белгішелер енжар болып табылады.
Белсенді мазмұн (Active content)
Биржалық мәлімет, ауа-райы картасы немесе жаңалықтар сияқты, бейнеленетін деректерді жаңартып отыратын ақпарат. Белсенді мазмұн әдетте арна немесе Интернет арқылы жаңартылып отырады.
Бөлектеу (Select)
Бейнебеттегі дерекпен немесе мәтінмен қандай да бір әрекетті іске асыру мақсатында оларды бөліп көрсету үшін пернетақтаны немесе тінтуірді пайдалану.
үстіне өту ↑

[өңдеу] В

Вирусқа қарсы бағдарламалар (Antivirus programs)
Электрондық поштада және файлдарда вирустар, құрттар мен троялық аттардың бар-жоғын тексеретін бағдарламалар. Егер вирус, құрт немесе троялық ат табылса, ол компьютер мен ондағы файлдарды зақымдап үлгермей тұрып, вирусқа қарсы бағдарлама оны қауіпсіздендіреді немесе жояды.
үстіне өту ↑

[өңдеу] Г

Гигабайт (Gigabyte, GB)
(ГБ) Дерек көлемін өлшеу бірлігі, 1 024 мегабайтқа тең. Сондай-ақ килобайт (KБ); мегабайт (MБ) сөздерін қараңыз.
үстіне өту ↑

[өңдеу] Д

Дерек енгізу тілі (Input Language)
Деректерді енгізуге арналған тілді белгілеу. Windows жүйесіне арналған кейбір бағдарламалар бұл параметрді таниды. Жаңа дерек беру тілі үстелген жағдайда осы тілге арналған пернетақта жаймасы да үстеледі.
Дискі (Disc)
Компьютерге тіркелген дерек сақтау құрылғысы. Мысалы, алмалы (иілгіш) дискілер немесе тұрғылықты дискілер (компьютердің ішкі әрі тұрақты бөліктері).
Дискі, дискі әрпі (Drive, Drive Letter)
Белгілі бір файлдық жүйе үшін пішімделген, дерек сақтау аймағы, оған дискі әрпі тағайындалады. Сақтау аймағы алмалы дискі, ықшам дискі, тұрғылықты дискі немесе басқа дискі түрі болуы мүмкін. Дискілер А әрпінен бастап, әр түрлі әріптермен белгіленеді, әріптен кейін қос нүкте қойылады. Дискінің мазмұнын Windows Explorer шолғышындағы немесе «Менің компьютерім» қалтасындағы оның белгішесін нұқу арқылы қарап шығуға болады. Сондай-ақ файлдық жүйе сөзін қараңыз.
Дыбыстауыш тақта (Sound card)
Дыбыс жазуға және ойнатуға мүмкіндік беретін, компьютерге арналған қосымша тақта.
Дыбыстық файл (Audio file)
Дыбыстық файлда Windows жүйесі компьютерде дыбыс жаңғырту үшін пайдаланатын дерек болады. Windows жүйесіндегі дыбыстық файлдардың кеңейтімі — .wav.
үстіне өту ↑

[өңдеу] Е

ЕҚЖ (Random Access Memory, RAM)
(еркін қатынасу жады) Еркін қатынасу жадын компьютер бағдарламалар іске қосқан есептеу үрдісі үшін пайдаланады. Жадыда сондай-ақ компьютер бейнебетінде көрсетілетін дерек туралы ақпарат сақталады. Еркін қатынасу жадының көлемін арттырған кезде компьютердің қуаты да артады әрі ол күрделі бағдарламалармен және үлкенірек файлдармен жұмыс істей алатын болады. Еркін қатынасу жадында сақталған барлық ақпарат компьютер ажыратылған кезде жоғалады.
Еренсілтеме (Hyperlink)
Файлға, файлдағы орынға немесе Интернеттегі HTML-бетке өтуге мүмкіндік беретін, түске боялған әрі асты сызылған мәтін немесе сурет.
үстіне өту ↑

[өңдеу] Ж

Жабдық (Hardware)
Компьютерлік жүйенің физикалық құраластары. Басып шығарғыш, модемдер және тінтуір сияқты құрылғылар жабдық қатарына жатады.
Жасырын көшірме (Carbon Copy, CC)
Құпия түрде жіберілетін көшірме. Егер электрондық поштаның осы жолағына хабар алушының атын үстесе, хабар алушылардың басқаларына оның аты көрінбейтін болады.
Желі (Network)
Барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы. Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады. Сондай-ақ желілік бейімдеуіш сөзін қараңыз.
Желіаралық қалқан (Firewall)
Бұл желі (мысалы, Интернет) мен сыртқы дүние арасында қорғаныс қалқаны сияқты әрекет ететін қауіпсіздік жүйесі.
Желілік бейімдеуіш (Network Interface Card, NIC)
Компьютерді желіге қосатын құрылғы. Бұл құрылғы сондай-ақ желілік тақта немесе желілік интерфейс тақтасы (NIC) деп те аталады.
Жергілікті желі (Local Area Network, LAN)
Салыстырмалы түрде шектеулі кеңістіктің (мысалы, ғимараттың) шегінде компьютерлер, басып шығарғыштар мен басқа да құрылғылар тобын біріктіретін коммуникациялық желі. Жергілікті желі бір біріне қосылған құрылғылардың өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді.
Жұмыс үстелі (Desktop)
Кәдімгі жұмыс үстелі сияқты ұйымдастырылған бейнебеттік жұмыс аймағы. Онда бағдарламаларды ашу және тапсырмаларды орындау үшін пайдалануға болатын белгішелер, мәзірлер мен терезелер сияқты элементтерді табуға болады. Windows жұмыс үстелінде кәдімгі жұмыс үстеліндегі сияқты нысандарды жылжытуға және басқаша орналастыруға, олармен жұмысты бастауға және аяқтауға болады. Сондай-ақ пайдаланушының сызбалық интерфейсі сөзін қараңыз.
Жүйелік дискі (Network Drive)
MS-DOS жұмысын бастау үшін қажетті MS-DOS жүйелік файлдары орналасқан дискі. Сондай-ақ MS-DOS сөзін қараңыз.
Жылжытып апару (Drug-and-Drop, Drug'n'Drop)
Нысанды тінтуірдің көмегімен бейнебетте жылжытып апару жолымен амалдарды іске асыру. Мысалы, құжатты жою үшін оны бейнебеттегі себетке жылжытып апаруға болады. Мұны іске асыру үшін құжатты себеттің үстіне апарып, себет бөлектелген кезде батырманы босату керек. Батырма босатылған кезде құжат себеттің ішіне түседі. Сондай-ақ апару, пайдаланушының сызбалық интерфейсі сөздерін қараңыз.
үстіне өту ↑

[өңдеу] И

Интернет (Internet)
Компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі. Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады. Сондай-ақ World Wide Web сөзін қараңыз.
Интернет провайдері (Internet Service Provider, ISP)
Интернетке қатынасу мүмкіндігін беретін ұйым. Интернет провайдері пайдаланушылардың компьютерлерін Интернет провайдерінің компьютерлеріне қосу үшін қажетті телефон нөмірін, пайдаланушы атауын, оның құпия сөзін және басқа да мәліметтерді қамтамасыз етеді. Интернет провайдеріне ақы әдетте бір ай үшін немесе бір сағат үшін төленеді. Сондай-ақ веб-сервер сөзін қараңыз.
Интранет (Intranet)
Интернет технологиялары мен тілдесу тәсілдерін пайдаланатын, бір ұйымның шеңберіндегі жеке желі, оған тек сол ұйымның қызметкерлері сияқты белгілі бір пайдаланушылар ғана қатынаса алады.
үстіне өту ↑

[өңдеу] К

Кезек (Queue)
Пайдаланушы сұратқан әрекеттерді орындауды күтіп тұрған бағдарламалардың немесе тапсырмалардың тізімі. Басып шығару кезегі деп басып шығарылуды күтіп тұрған құжаттар тобын атайды. Сондай-ақ басып шығарғыш сөзін қараңыз.
Кең жиілікті қосылым (Broadband connection, BB)
Интернетке жоғары жылдамдықпен қосылу DSL және кабельдік модемдер арқылы жүзеге асырылады.
Килобайт (Kilobyte, KB)
(КБ) Дерек көлемін өлшеу бірлігі, 1,024 байтқа тең. Сондай-ақ гигабайт (ГБ); мегабайт (MБ) сөздерін қараңыз.
Көшірме (Copy)
Хабардың дәл көшірмесі. Егер электрондық поштаның осы жолағына хабар алушының атын үстесе, хабардың көшірмесі осы пайдаланушыға жіберіледі де, хабар алушының аты басқа алушыларға көрінетін болады.
Күту режимі (Standby mode)
Бұл режимде компьютер бос тұрған кезде қуатты азырақ тұтынады, бірақ дереу пайдалана бастау үшін дайын тұрады. Компьютер күту режимінде тұрғанда оның жадындағы ақпарат тұрғылықты дискіге жазылмайды. Қуат көзі ажыратылған кезде жадыдағы дерек жоғалып кетеді.
Кіріктірілген нысан (Embedded Object)
Басқа бағдарламада жасалып, соңынан құжатқа енгізілген дерек. Дерек құжатқа кіріктірілген болса, түпнұсқа бағдарламадағы құралдар үстелі мен мәзірлерді пайдалану жолымен оны өңдеуге болады. Құжатқа кіріктірілген деректі өңдеу үшін оның үстінен екі рет нұқыңыз, сонда оны жасау үшін қолданылған бағдарламаның құралдар үстелі мен мәзірлері шыға келеді. Кіріктірілген деректің бастапқы құжатпен байланысы болмайды. Яғни, бастапқы құжатта өңделген дерек жаңа құжатта өзгермейді.
Кірістіру орны (Input area, input box)
Пернетақтадан терілген мәтін енгізілетін орын. Кірістіру орны әдетте бағдарламашық терезесінде немесе тілқатысу терезесінде жыпылықтаған тік сызық түрінде көрінеді.
үстіне өту ↑

[өңдеу] Қ

Қалта (Folder)
Бағдарламалар мен файлдарды сақтауға арналған контейнер, ол бейнебетте кеңсе қалтасы кейпіндегі белгіше (кішкентай сурет) түрінде көрінеді. Қалталарда файлдар мен басқа қалталар болуы мүмкін. Қалталар бағдарламалар мен файлдарды дискіде ұйымдастырудың ең жақсы жолы болып табылады.
Қаріп (Font)
Әріптерді, сандарды және нышандарды бейнелеуге арналған баспа таңбалар жинағы. Сондай-ақ қаріп нобайы сөзін қараңыз.
Қаріп нобайы (Typeface? Set of glyphs? Type design?)
Ені және кертпелерінің бар-жоғы сияқты ортақ параметрлері бар таңбалар жинағы. Сондай-ақ қаріп сөзін қараңыз.
Қатарлас порт (Parallel port)
Қатарлас интерфейс құрылғыларын қосуға арналған кіріс/шығыс ағытпасы. Басып шығарғыштар әдетте осындай порттарға жалғанады. Сондай-ақ тізбекті порт сөзін қараңыз.
Қойынды (Tab)
Тілқатысу терезесінің бұл бөлігі беттері белгіленген жазу кітапшасын немесе картотеканы еске салады және тілқатысу терезесіндегі деректердің түрлі бөліктеріне ауысып отыруға ыңғайлы.
Қос нұқым (Double click)
Көрсеткіні жылжытпастан тінтуір батырмасын екі рет басып, босату. Батырманы екі рет басу бағдарламаны немесе бағдарлама мүмкіндігін жылдам таңдап, іске қосу үшін пайдаланылады. Сондай-ақ нұқу, апару сөздерін қараңыз.
Қотару (Upload)
Модемді немесе жергілікті желіні пайдалану арқылы файлдың көшірмесін Интернеттен компьютерге жіберу.
Құлақтандыру аймағы (Tray)
Тапсырмалар үстеліндегі батырмалардың оң жағында орналасқан тапсырмалар үстелінің аймағы. Құлақтандыру аймағында ағымдық уақыт, сондай-ақ дыбыс үнділігін өзгерту және қорек көзі бағдарламалары сияқты кейбір бағдарламаларға жылдам қатынасуды қамтамасыз ететін белгішелер көрініп тұрады. Кейбір белгішелер тапсырмалардың орындалу барысын көрсету үшін уақытша көрініс береді. Мысалы, басып шығарғыш белгішесі құжат басып шығарғышқа жіберілгеннен кейін көрініс береді де, басып шығару аяқталған кезде ғайып болады.
Құпия сөз (Password)
Компьютерлік жүйелерге және пайдаланушы тіркелгілеріне кіруді шектеуге арналған қорғаныс құралы. Құпия сөз нышандар тобынан құралады да, ол енгізілген кезде ғана жүйеге кіруге рұқсат беріледі. Құпия сөзді әріптерден, сандардан және басқа таңбалардан құрастыруға болады. Құпия сөздерде таңбалардың үлкен-кішілігі ескеріледі. Сондай-ақ пайдаланушы тіркелгісі сөзін қараңыз.
Құралдар үстелі (Toolbar)
Бағдарламадағы бейнебеттік батырмалар немесе белгішелер қатары, бағаны немесе блогы. Бұл батырмалардың немесе белгішелердің үстінен нұқу бағдарламаның жекелеген жетелерін немесе тапсырмаларын белсенді етеді. Мысалы, Microsoft Word құралдары үстелінде мәтіннің нобайын қиғаш немесе жуандау етіп өзгертетін немесе құжаттарды сақтайтын немесе ашатын әрекеттерді іске асыруға арналған батырмалар бар. Әдетте құралдар үстелін баптауға және оны бейнебетте жылжытуға болады.
Құрылғы (Device)
Желіге немесе компьютерге тіркеуге болатын кез келген жабдық, мысалы, компьютер, басып шығарғыш, тәрте, бейімдеуіш, модем тақтасы немесе басқа шеттік жабдық. Құрылғылардың Windows жүйесінде жұмыс істеуі үшін әдетте тиісті құрылғы драйвері қажет болады. Сондай-ақ құрылғы драйвері; шеттік құрылғы сөзін қараңыз.
Құрылғы драйвері (Device driver)
Модем, желілік бейімдеуіш немесе басып шығарғыш сияқты бөлек құрылғының амалдық жүйемен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін бағдарлама. Тіпті жүйеге орнатылған құрылғының өзі тиісті драйвер орнатылып, бапталмай тұрып, Windows жүйесінде жұмыс істей алмауы мүмкін. Орнатылған және жұмыс істейтін құрылғы драйверлері компьютердің жұмысы басталған кезде өздігінен қотарылады да, байқаусыз жегіледі.
Құсбелгі көзі (Checkbox)
Құсбелгі көздері бір топ параметрлер ішінен біреуін немесе бірнешеуін таңдау немесе алып тастау үшін пайдаланылады. Параметр таңдалғаннан кейін тиісті жолақта х белгісі немесе құсбелгі пайда болады.
үстіне өту ↑

[өңдеу] Л

Лақап (Shortcut)
Компьютеріңіздегі немесе желідегі бағдарлама, файл, қалта, дискі, веб-бет, басып шығарғыш немесе басқа компьютер сияқты қатынасуға болатын кез келген элементке жасалатын сілтеме. Лақаптарды жұмыс үстелі, Бастау мәзірі немесе белгілі бір қалталар сияқты әр түрлі жерлерде қоюға болады. Сондай-ақ жұмыс үстелі сөзін қараңыз.
үстіне өту ↑

[өңдеу] М

Мәзір (Menu)
Белгілі бір әрекетті таңдауға және орындауға, мысалы, әмір таңдауға немесе құжаттың бір бөлігіне белгілі бір пішім қолдануға арналған параметрлер тізімі.
Мәзір жолы (Menu bar)
Бағдарлама терезесінің жоғарғы жағында көрінетін және пайдаланушының әрекет етуі үшін мәзір көрсететін төрт бұрышты жолақ. Қолданыстағы мәзірлердің атауы мәзір жолында көрініс береді; оның біреуін пернетақтаның немесе тінтуірдің көмегімен таңдаса, осы мәзірдегі параметрлер тізімі көрсетілетін болады.
Мәтін жолағы (Textbox)
Бейнебеттегі төрт бұрышты осы жақтауда әмірді орындау үшін қажетті дерек теріледі.
Мегабайт (Megabyte, MB)
(МБ) Дерек көлемін өлшеу бірлігі, 1,048,576 байтқа тең. Сондай-ақ гигабайт (ГБ); килобайт (КБ) сөздерін қараңыз.
Менің компьютерім (My Computer)
Бұл қалта алмалы дискінің, тұрғылықты дискінің, ықшам дискінің, сондай-ақ тіркелген шеттік жабдықтың мазмұнын көрсетеді. Бұл қалтаға Бастау батырмасын басып, содан соң Менің компьютерім әмірін таңдау арқылы қатынауға болады.
Менің құжаттарым (My Documents)
Бұл жылдам қатынауды қажет ететін құжаттарды, суреттерді және басқа да файлдарды сақтауға арналған аса ыңғайлы қалта болып табылады. Егер файлдар үшін басқа орын көрсетілмесе, WordPad немесе Paint сияқты бағдарламалар файлдарды «Менің құжаттарым» қалтасында өздігінен сақтайды. Бұл қалтаға Бастау батырмасын басып, содан соң Менің құжаттарым әмірін таңдау арқылы қатынауға болады.
Менің сазым (My Music)
Бұл сазды файлдарды сақтау және оларға қатысты тапсырмаларды орындау үшін аса ыңғайлы қалта болып табылады. Бұл қалтаға Бастау батырмасын басып, содан соң Менің сазым әмірін таңдау арқылы қатынауға болады.
Менің суреттерім (My Pictures)
Бұл суреттер мен сызбалық файлдарды сақтау және оларға қатысты тапсырмаларды орындау үшін аса ыңғайлы қалта болып табылады. Бұл қалтаға Бастау батырмасын басып, содан соң Менің суреттерім әмірін таңдау арқылы қатынауға болады.
Модем (Modem)
Компьютерлік деректерді телефон желісі арқылы жіберуге және қабылдауға мүмкіндік беретін құрылғы.
Модемдік қосылым (Modem connection)
Телефон желісін пайдаланатын құрылғының көмегімен жергілікті желіге қосылу.
үстіне өту ↑

[өңдеу] Н

Негізгі тақта (Motherboard)
Компьютердің негізгі құрастыру тақтасы. Негізгі тақтада қосымша тақталарды жалғауға арналған тақталар орналасқан.
Нобай (Thumbnail)
Кескіннің кішірейтілген нұсқасы, ол көбінесе кескіндерді жылдам қарап шығу үшін пайдаланылады.
Нұқу (Click)
Тінтуірді нысанның үстіне бағыттаңыз, содан соң тінтуірдің негізгі (сол жақ) батырмасын басып, босатыңыз.
Нүкте (Pixel)
Әріптерді, сандар мен суреттерді жасау үшін бағдарламалар, бейнебет немесе басып шығарғыш жабдық қолданатын ең кіші элемент. Суреттің ең кіші элементі, нүкте — бұл бейнебетте компьютер немесе қағазда басып шығарғыш жасайтын кескінді қалыптастыратын мыңдаған кішкене дақтардан тұратын тік бұрышты тордағы бір дақ болып табылады. Сондай-ақ бейнебет ажыратылымдығы сөзін қараңыз.
Нысан (Object)
Файл, қалта, ортақ қалта немесе басып шығарғыш сияқты, белгілі бір нышандары бар элемент. Мысалы, файл нышандарына оның атауы, орналасқан жері мен мөлшері жатады. Сондай-ақ басып шығарғышқа арналған рұқсаттар сөзін қараңыз.
үстіне өту ↑

[өңдеу] О

Ойын порты (Game port)
Компьютерге тәртені немесе басқа да ойын құрылғыларын жалғауға арналған ағытпа. Сондай-ақ тізбекті порт сөзін қараңыз.
Орнату (Install)
Файлдар мен қалталарды компьютерде бірінші рет орнату. Орнату жаңартудан бөлек, жаңарту кезінде қолданыстағы бағдарламалық файлдар мен қалталар жаңарақ нұсқаларымен ауыстырылады.
Ортақ пайдалану (Shared use)
Қалталарға, басып шығарғыштарға және басқа ресурстарға басқа пайдаланушылардың қатынасуына мүмкіндік беру. Сондай-ақ ресурс сөзін қараңыз.
үстіне өту ↑

[өңдеу] Ө

Өздігінен жаңартылу (Automatic update)
Windows жүйесіне қауіпсіздік жаңартымдарын, негізгі жаңартымдар мен жаңартым бумаларын белгіленген кестеге сәйкес өздігінен қотарып алуға және орнатуға мүмкіндік беретін қауіпсіздік құралы. Сондай-ақ маңызды жаңартымдарға қол жеткізу мүмкін болғанда хабарлау үшін өздігінен жаңартылу қызметін баптауға болады.
Өңдік сурет (Background Image)
Windows жұмыс үстелінде көрініс беретін кескін. Нүктелік кескін (.bmp) файлы түрінде сақтала алатын кез келген өрнекті немесе суретті бейнебеттің өңдік суреті ретінде таңдауға болады.
үстіне өту ↑

[өңдеу] П

Пайдаланушы (User)
Компьютерді пайдаланатын адам.
Пайдаланушы профайлы (User profile)
Бұл файлда жұмыс үстелі мен бағдарламашықтардың параметрлері сияқты, жеке пайдаланушыға арналған баптау туралы мәлімет сақталады. Әр пайдаланушының жеке параметрлері пайдаланушының профайлында сақталады да, Windows жүйесі оны пайдаланушы жүйеге кірген кезде жұмыс үстелін баптау үшін пайдаланады.
Пайдаланушы тіркелгісі (User account)
Windows жүйесіндегі пайдаланушыны айқындайтын барлық мәліметті қамтитын жазба. Оған жүйеге кіру үшін талап етілетін пайдаланушының аты мен құпия сөзі кіреді.
Пайдаланушының аты (User name)
Windows жүйесіндегі пайдаланушының тіркелгісін айқындайтын бірегей жазба. Тіркелгіде айқындалған пайдаланушының аты топтағы қандай да бір басқа атпен немесе сол үйшіктегі не жұмыс тобындағы пайдаланушы атауымен сәйкес келмеуге тиіс.
Пайдаланушының құпия сөзі (User password)
Әр пайдаланушы тіркелгісінде сақталатын құпия сөз. Әр пайдаланушының бірегей құпия сөзі болады, және жүйеге кірген кезде немесе серверге қатынасқан кезде сол құпия сөз енгізілуге тиіс. Сондай-ақ құпия сөз; пайдаланушы тіркелгісі сөздерін қараңыз.
Пайдаланушының сызбалық интерфейсі (Graphical User Interface, GUI)
(GUI) Компьютердің көрнекі ортасы, ол бағдарламаларды, файлдар мен параметрлерді бейнебеттегі шағын кескіндердің көмегімен көрсетеді. Оның элементтері белгішелер, мәзірлер және тілқатысу терезелері болып табылады. Бұл параметрлерді таңдау және белсенді ету оларды тінтуірмен меңзеп, үстінен нұқу арқылы немесе пернетақтаның көмегімен іске асырылады. Шарлау элементтерінің көпшілігі (мысалы, жылжыту жолағы сияқты) барлық бағдарламаларда бірдей жолмен жұмыс істейді.
Пернетақта жаймасы (Keyboard layout)
Түрлі тілдерде пайдаланылатын таңбалар мен нышандардың орналасуы. Пернетақтадағы пернелер басылғанда бейнебетте қандай таңба шығатыны пернетақта жаймасына байланысты болады. Басқару үстеліндегі «Аймақ және тіл параметрлері» құраласында басқа тіл таңдалған кезде пернетақта үшін тағайындалған жайма өзгереді.
Пернетақта тілі (Keyboard language)
Мәтін терген кезде қолданылатын тіл. Windows жүйесіне арналған кейбір бағдарламалар бұл параметрді таниды. Жаңа пернетақта тілі үстелген жағдайда осы тілге арналған пернетақта жаймасы да үстеледі.
Порт (Port)
Компьютерді басып шығарғыш, тінтуір, пернетақта, монитор сияқты құрылғыларға немесе желіге кабельдердің көмегімен жалғауға арналған ағытпа (әдетте компьютердің арт жағында болады). Әдетте портқа жекелеген мақсаттарда пайдаланылатын ағытпалардың бөлек түрі сәйкес келеді. Мысалы, тізбекті дерек порты, пернетақта және жоғары жылдамдықты желі порты үшін түрлі ағытпалар қолданылады.
үстіне өту ↑

[өңдеу] Р

Ресурс (Resource)
Компьютердің немесе желінің дискі, басып шығарғыш немесе жады сияқты бір бөлігі, ол орындалып жатқан бағдарламада немесе үрдісте пайдаланылуы мүмкін.
Рұқсат (Permission)
Нысанға қандай пайдаланушының қандай жолмен қатынасуына болатынын айқындайтын ереже. Рұқсатты нысанның иесі береді немесе оның күшін жояды.
үстіне өту ↑

[өңдеу] С

Себет (Recycler)
Себет Windows жұмыс үстелінде орналасады. Файлдарды жою үшін оларды себетке апару керек. Сондай-ақ себетті ашып, жаңсақ жойылған файлдарды қайта шығарып алуға болады. Себетті босатып, дискідегі бос орынды көбейту үшін оның белгішесінің үстінен тінтуірдің оң жақ батырмасымен басыңыз да, Себетті тазалау әмірін таңдаңыз. Сондай-ақ тінтуірдің оң жақ батырмасымен нұқу сөзін қараңыз.
Сервер (Server)
Файлдар, қалталар және компьютерлердің деректері сияқты деректерге ортақ қатынасуды, сондай-ақ желі пайдаланушыларына электрондық пошта қызметтерін қамтамасыз ететін компьютер. Сондай-ақ тұтынғыш сөзін қараңыз.
үстіне өту ↑

[өңдеу] Т

Таңдау (Choice)
Бейнебеттегі мәтіннің бір бөлігін немесе деректі бөлектеу арқылы оларды көрсету. Мұның мақсаты бөлектелген деректерге қатысты белгілі бір әрекетті іске асыру болып табылады. Бөлектеу үшін жүгіргіні мәтіннің немесе деректің бас жағына орналастырып, батырманы басыңыз, содан соң жүгіргіні мәтіннің соңына дейін апарыңыз да, батырманы босатыңыз.
Тапсырмалар реттегіші (Task manager)
Компьютерде орындалып жатқан бағдарламалар мен үрдістер туралы ақпарат беріп отыратын бағдарламашық. Тапсырмалар реттегішін пайдалану арқылы бағдарламалардың жұмысын бастауға және аяқтауға, үрдістерді аяқтауға және жүйенің ағымдық жүктемесі туралы ақпарат алуға болады.
Тапсырмалар үстелі (Taskbar)
Бұл үстелде Бастау батырмасы орналасады және ол жұмыс үстелінің төменгі жағында әдепкі бойынша көрініп тұрады. Тапсырмалар үстеліндегі батырмаларды бағдарламаларды ауыстыру үшін пайдалануға болады. Сонымен қатар тапсырмалар үстелін жасырып қоюға, жұмыс үстелінің жоғарғы жағына жылжытуға немесе басқа тәсілдермен баптауға болады. Сондай-ақ жұмыс үстелі; тапсырмалар үстелінің батырмасы; құлақтандыру аймағы сөздерін қараңыз.
Терезе (Window)
Бағдарламалар мен үрдістерді іске асыруға болатын бейнебет бөлігі. Мысалы, электрондық пошта бағдарламасын бір терезеде ашып, ал екінші терезеде Интернеттен ақпарат іздеуге болады. Терезені жабуға, оның мөлшерін өзгертуге, жылжытуға, құралдар үстеліндегі батырма мөлшеріне дейін кішірейтуге немесе бүкіл бейнебет мөлшеріне дейін үлкейтуге болады.
Терезе тақырып аты (Window title)
Терезенің жоғарғы жағындағы көлденең жолақта терезенің тақырыбы көрінеді. Көптеген терезелерде тақырып аты аймағында сондай-ақ бағдарлама белгішесі мен Барынша үлкейту, Барынша кішірейту және Жабу батырмалары орналасады. Сондай-ақ барынша үлкейту; барынша кішірейту сөздерін қараңыз.
ТЖ (Read-Only Memory, ROM)
(тұрақты жады) Бұл жартылай өткізгіштік жадыда өндіру барысында орнатылған код пен деректер болады. Тұрақты жадыдағы деректі тек оқуға болады, өзгертуге болмайды.
Тұрғылықты дискі (Hard Disc)
Дерек жазуға және сақтауға арналған құрылғы. Тұрғылықты дискі әдетте компьютердің ішінде орналасады.
Тұтынғыш (Client)
Сервер деп аталатын басқа компьютердегі желілік ресурстарды пайдаланатын компьютер. Сондай-ақ сервер сөзін қараңыз.
Тізбекті порт (Serial port)
Әдетте басып шығарғыштар үшін пайдаланылатын және компьютердің артқы жағында орналасқан ағытпа.
Тілқатысу терезесі (Management Console ?)
Бағдарлама көрсететін және әмірлер мен тапсырмаларды пайдаланушының орындай алуы үшін батырмалар мен түрлі параметрлер орналасатын арнайы терезе.
Тінтуір (Mouse)
Ең кең тараған көрсеткі құрылғы. Тінтуірдің бір қолмен ұстауға арналған, жайпақ табанды қаптамасы, үстінде бір немесе бірнеше батырмасы, түп жағында көп бағытты бергіш құрылғысы (әдетте кішкентай шар) және оны компьютерге жалғайтын сымы болады. Тінтуірді қозғай отырып, пайдалану бейнебеттегі жүгіргіні басқарады. Бейнебетте элементтер мен әмірлер таңдау үшін пайдаланушы тінтуір батырмаларының бірін басып, тінтуір нұқымын жасауы керек.
Тінтуір көрсеткісі (Mouse cursor)
Пайдаланушы тінтуірді қозғаған кезде орналасқан жері өзгеретін бейнебет элементі. Тінтуір көрсеткісінің орналасқан жеріне және ол жұмыс істеп жатқан бағдарламаға байланысты көрсеткі орналасқан бейнебет аймағы тінтуір батырмаларының бірі басылған кезде әрекет етуге арналған нысана ретінде қызмет етеді.
Тінтуір төсемі (Mouse pad)
Тінтуірді қозғауға ыңғайлы беткі қабаты бар, әдетте матамен қапталған төрт бұрышты резеңке төсем, ол үстелдің ағаш немесе шыны бетіне қарағанда тінтуірмен жақсырақ ұстасуын қамтамасыз етеді.
Тінтуірдің негізгі батырмасы (Primary mouse button)
Бұл батырма көбінесе нысандардың үстінен бір немесе екі нұқып таңдау немесе ашу үшін пайдаланылады. Тінтуірлер мен трекбол құрылғыларының көпшілігіндегі негізгі батырма сол жақ батырма (кейбір трекболдарда — төменгі батырма) болып табылады, алайда батырмалардың қызметтерін басқару үстеліндегі Тінтуір қалтасынан тиісті құсбелгі көздерін таңдау арқылы өзгертуге болады.
Тінтуірдің оң жақ батырмасымен нұқу (Right-click)
Тінтуірді нысанның үстіне бағыттап, оның көмекші (оң жақ) батырмасын басу және босату. Тінтуірдің оң жақ батырмасымен нұқу арқылы ашылатын мәтінмәндік мәзірде пайдалы әмірлер болады, олардың мәні қандай нысанды нұқығаныңызға қарай өзгеріп отырады.
үстіне өту ↑

[өңдеу] Ұ

Ұйқылық режим (Sleep mode)
Бұл күйде, тұрғылықты дискідегі жадының барлық мазмұны сақталғаннан кейін компьютер жұмысын аяқтайды. Компьютерді ұйқылық режимнен шығарған кезде, ашық тұрған барлық бағдарламалар мен құжаттар жұмыс үстелінде қалпына келтіріледі. Сондай-ақ күту режимі сөзін қараңыз.
үстіне өту ↑

[өңдеу] Ф

Файл (File)
Файл дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады, ол компьютердің бір дерек жинағын екіншісінен айыруына мүмкіндік береді. Мәтін жазылған немесе суреті бар кез келген қағаз құжат сияқты, файл дерек жинағы болып табылады, ондағы деректі бөліп алуға, өзгертуге, жоюға, сақтауға я болмаса басып шығарғыш немесе электрондық пошта бағдарламасы сияқты шығару құрылғысына жіберуге болады. Файлдардың ішінде бағдарлама, бағдарламада қолданылатын деректер немесе пайдаланушы жасаған құжат болуы мүмкін.
Файл атауының кеңейтімі (File name extension)
Windows жүйесінде файл атауларының үш әріпті кеңейтімі болады. Кеңейтімдер файл атауындағы нүктеден кейін келеді де, файлда сақтаулы деректер түрін білдіреді. Мысалы, Example.txt деген файл атауындағы кеңейтім .txt әріптері болады. Бұл кеңейтім осы файлдың мәтіндік файл екенін көрсетеді. Файлды сақтау кезінде кеңейтімді көрсету міндетті емес. Бағдарлама кеңейтімді өздігінен қосады.
Файл түрі (File type)
Файл сипаттамасының белгісі. Файл түрі осы файлды ашу үшін пайдаланылатын бағдарламаны, мысалы, Microsoft Word бағдарламасын айқындайды. Файл түрлері файл атауының кеңейтімімен сәйкес келеді. Мысалы, .txt немесе .log деген кеңейтімі бар файлдардың түрі «мәтіндік құжат» болады да, оларды кез келген мәтін өңдегішті пайдалану арқылы ашуға болады.
Фрагментациялау (Fragmentation)
Бір файл бөліктерінің дискінің әр түрлі аймақтарында таратылуы. Фрагментациялау дискідегі файлдарды жоюдың немесе үстеудің нәтижесінде орын алады. Соның нәтижесінде дискіге қатынасу баяулайды және дискілік амалдардың орындалу жылдамдығы азаяды. Бұл мәселені шешу үшін дискі дефрагментациялау құралы жасап шығарылған.
үстіне өту ↑

[өңдеу] Ш

Шебер (Wizard)
Пайдаланушы тапсырмаларды орындаған кезде оған сұрақ қойып немесе таңдау жасауды ұсына отырып жетекшілік жасайтын бағдарламалық құрал. Мысалы, шебер мәтін өңдеу құжатын жасауға кірісуге, бағдарламалық жасақтама орнатуға немесе деректер қорын жасауды бастауға көмектесе алады.
Шеттік құрылғы (External device)
Компьютерге қосылған және оның процессоры арқылы басқарылатын құрылғы (мысалы, дискі ұясы, басып шығарғыш, модем немесе тәрте). Сондай-ақ құрылғы сөзін қараңыз.
Шолғыш (Browser)
HTML файлдары мен веб-беттерді пішімдейтін және бейнелейтін бағдарламалық жасақтама. Кейбір шолғыштар пайдаланушылардың электрондық поштаны жіберуіне және алуына, жаңалықтар тобын қарап шығуына, сондай-ақ веб-беттерге кіріктірілген дыбыстық және бейне файлдарды ойнатуына мүмкіндік береді. Internet Explorer бағдарламашығы веб-шолғыш болып табылады. Сондай-ақ WWW сөзін қараңыз.


Мазмұны: ҮстіA—Z А Ә Б В Г Д Е Ж И К Қ Л М Н О Ө П Р С Т Ұ Ф Ш

[өңдеу] Сыртқы сілтемелер

Our "Network":

Project Gutenberg
https://gutenberg.classicistranieri.com

Encyclopaedia Britannica 1911
https://encyclopaediabritannica.classicistranieri.com

Librivox Audiobooks
https://librivox.classicistranieri.com

Linux Distributions
https://old.classicistranieri.com

Magnatune (MP3 Music)
https://magnatune.classicistranieri.com

Static Wikipedia (June 2008)
https://wikipedia.classicistranieri.com

Static Wikipedia (March 2008)
https://wikipedia2007.classicistranieri.com/mar2008/

Static Wikipedia (2007)
https://wikipedia2007.classicistranieri.com

Static Wikipedia (2006)
https://wikipedia2006.classicistranieri.com

Liber Liber
https://liberliber.classicistranieri.com

ZIM Files for Kiwix
https://zim.classicistranieri.com


Other Websites:

Bach - Goldberg Variations
https://www.goldbergvariations.org

Lazarillo de Tormes
https://www.lazarillodetormes.org

Madame Bovary
https://www.madamebovary.org

Il Fu Mattia Pascal
https://www.mattiapascal.it

The Voice in the Desert
https://www.thevoiceinthedesert.org

Confessione d'un amore fascista
https://www.amorefascista.it

Malinverno
https://www.malinverno.org

Debito formativo
https://www.debitoformativo.it

Adina Spire
https://www.adinaspire.com